Омаров Нурсеит Абдумталіұлы
Нурсеит Абдумталіұлы Омаров 1985 жылы 3 маусымда дүниеге келген.
Білімі:
2003-2008 Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия Университеті «Қазақ тілі және әдебиеті».
2011-2014 «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінде «Исламтану» 2014-2016 Шет тілдер және іскерлік карьера университеті «Дінтану» магистрі.
2021- Халықаралық ислам академиясы «Исламтану» PhD докторанты.
Еңбек жолы:
2009-2010 Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының аналитикалық ақпарат орталығында маман.
2014-2015 «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінде арнайы пәндер ұстазы.
2015 «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі директор орынбасары.
2015-2018 қосалқы түрде медресе жанындағы «Қасым қажы» мешіті Бас имам.
2018-2020 Павлодар облысындағы мешіттерде ұстаздық.
2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұйрығымен ҚМДБ Павлодар қаласындағы Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжінің директоры қызметіне тағайындалды.