
Акбас Нұрисләм Юсупұлы
Акбас Нұрисләм Юсупұлы, 1994 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан республикасы, Павлодар қаласында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. 2001-2012 жылдар аралығында Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылындағы орта білім беру мектебінде оқыған.
2013 жылы Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша V республикалық Құран байқауына қатысты. 2012-2015 жылдары Павлодар қаласының Әбу Бәкір Сыддық медресесінде тәлім алды. 2015-2018 жылдар аралығында Алматы қаласының Нұр Мубарак Египет Ислам мәдениеті университетінің «исламтану» факультетінде бакалавр дәрежесін тәмамдаған.
Нұр-Сұлтан қаласында Деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында теологтар мен басқа мамандардың біліктілігін арттыру курсын толық меңгеріп шықты. 2018 жылы «Діни экстремизмге қарсы тұрудың позитивті тәжірибелері» имамдарға арналған семинарға қатыстым. 2018-2019 жылдары Павлодар қаласы Кенжекөл ауылында «Шайқы ата» мешітінде Имам қызметінде болды.
2019 жылы «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау» республикалық курсын нәтижелі түрде аяқтады. 2019 жылы Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауына қатысқан.
2020 жылы Алматы қаласындағы «Вайнах» мешітің бас имамы Алсабеков Мухамад-Хусайн Усмановичтің хатшысы қызметін атқарды. 2019-2021 жылдары Алматы қаласының Нұр Мубарак Египет Ислам мәдениеті университетінің «дінтану» факультетіндегі магистратура оқуын тамамдады.