Мамраев Нұрсұлтан Қуатұлы

Мамраев Нұрсұлтан Қуатұлы

 

Мамраев Нұрсұлтан Қуатұлы 1991жылы 8 желтоқсанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

1999-2010 жылдары Бидайық орта мектебінде оқыды. 2010-2013 жылдар арасы Астана қаласындағы «Астана» медресесін қызыл дипломмен тәмамдады. 2013жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» универсетіне «Исламтану» факультетіне түсті. 2016 жылы аталмыш оқуды аяқтап, сол жылдың маусым айынан бастап 2018 жылға дейін Жаңаарқа ауданындағы «Орталық мешітте» Бас имамдық қызметін атқарды.

2018жылы Түркиядағы Қайсери қаласында орналасқан «Хасеке» академиясына оқуға түсіп, 2021 жылы оқуды аяқтады.

2021 жылдың қырқүйек айынан бастап Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде ұстаздық қызмет атқару үстінде.