
Қаиргелді Арман
Қаиргелді Арман 1993 жылдың 23 мамырында Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Қарақоға ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Шұға ауылдық «Х.Шаяхметов» атындағы орта мектепті тәмадаған.
2011-2014 жылдар аралығында «Астана» медресесінде тәлім алды. 2014-2017 жылдары «Нұр Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті университетінде оқыды. 2017-2019 жылдары Павлодар облысы, Ақтоғай аудандық «Жандарбек» мешітінде наиб имам қызметін атқарды. 2019-2020 жыл аралығында «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінде тәрбиеші.
2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Павлодар қалалық «Бижан» мешітінде наиб имам болған. 2021 жылдың басынан «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінде ұстаз қызметін атқаруда. Үйленген, 1 қызы бар.